Әлемдегі ең сұлу қыз Алматыға ұшып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі ең сұлу қыз Алматыға ұшып келді Паулина Вега. Сурет ресми сайттан алынды

Колумбиялық "Әлем Аруы-2014" Паулина Вега Алматыға кеше түнде ұшып келді. Ол 27 маусымда жыл сайынғы Опера балында жүргізуші болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Колумбиялық "Әлем Аруы-2014" Паулина Вега Алматыға кеше түнде ұшып келді. Ол 27 маусымда жыл сайынғы Опера балында жүргізуші болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Паулина Вега Алматыға Нью-Йорктен ұшып келді, әлемнің номері бірінші сұлуы ұзақ жолдан келсе де, сұхбат беруден бас тартпады. "Ұшып келгенше ұйықтадым, бірақ өзімді жақсы сезініп тұрмын. Нью-Йоркте қазір күндізгі сағат 12.00, сондықтан қуатым тасып тұр", - деді Паулина.

"Әлем Аруы" байқауын жеңіп шыққалы бері төрт ай өтті. Бұл керемет тәжірибе, әсер және мүмкіндік. Мысалы мен осынша елді аралай аламын деп ойлаған жоқпын. Саяхаттағанды, әлемді танығанды жақсы көремін. "Қазақстан Аруы" Айдай Исаева "Әлем Аруы" байқауы кезінде сіздердің елдеріңіз туралы көп айтқан болатын. Маған өте қызық болды және Қазақстанға қатты келгім келді", - деп ойымен бөлісті Паулина Вега.

"Әлем Аруының" айтуына қарағанда, бұл титул үшін оған көп нәрседен бас тартуға тура келген. Паулинаның жеңісінен кейін бір жылға Нью-Йоркке көшіп барғаны белгілі. "Отбасымды, жеке өмірімді, мансабымды тастап кетуіме тура келді. Мен қазір келесі жеңімпазға тәжді бергеннен кейін не болатыны туралы ойлағым келмейді, әзірше осы ұмытылмас сәттерден ләззат алғым келеді, алайда жоспарым көп. Бұл өмірде көп нәрсеге үлгергім келеді", - деді 22 жастағы Паулина Вега.

Айта кетейік, "Әлем Аруы" қатысуға келген Опера балеті жыл сайын 35 жасқа дейінгі ең үздік опера орындаушыларын марапаттайды. Биыл ондаған елден 40-қа жуық жас орындаушы The Opera Ball Award-қа қатысуға өтінім берді. Олардың арасынан алтауы финалға шықты, олар - Илья Сильчуков (Беларусь), Әлфия Кәрімова (Қазақстан), Райан Грин (Австрия), Дамир Сәдуақасов (Қазақстан), Оксана Давыденко (Қазақстан), Анастасия Кожухарова (Қазақстан). Жеңімпаздың аты-жөні Опера балы кезінде жарияланады.

  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети