22 желтоқсан 2022 16:35

Әлемге әйгілі виртуоз-пианист Әлім Бейсембаев Астанада өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен жылдың қыркүйек айында еліміздің музыка әлемінде айтулы оқиға болды. 23 жастағы танымал пианист Әлім Бейсембаев Англия елінің Лидс қаласындағы халықаралық байқау тарихындағы тұңғыш қазақстандық лауреаты атанды. Ол сондай-ақ, Ливерпуль Корольдік филармониясының лауреаты, ХХ-ХХI ғасырлардағы шығарманы үздік орындағаны үшін Уотерман Алтын медалімен марапатталған. Британдық "The Guardian" газеті оны "асқан өнер иесі" деп баға берді.


Өткен жылдың қыркүйек айында еліміздің музыка әлемінде айтулы оқиға болды. 23 жастағы танымал пианист Әлім Бейсембаев Англия елінің Лидс қаласындағы халықаралық байқау тарихындағы тұңғыш қазақстандық лауреаты атанды. Ол сондай-ақ, Ливерпуль Корольдік филармониясының лауреаты, ХХ-ХХI ғасырлардағы шығарманы үздік орындағаны үшін Уотерман Алтын медалімен марапатталған. Британдық "The Guardian" газеті оны "асқан өнер иесі" деп баға берді.

Әлемдік деңгейдегі жеңістен кейін музыкалық талғамы бар көрермендердің назары жас музыкантқа бірден ауды. Ол алуан түрлі репертуарымен жаһан көрермендерінің жүрегін жаулап алды. Еуропа мен Кореяны аралады, "Southbank Centre", "Drapers' Hal", "Wigmore Hall" (Лондон), "St George's Bristol", "Sakıp Sabancı Museum" (Стамбул), "Filharmonia Narodowa" (Варшава), "Kultur&Kongresszentrum Liederhalle Beethoven-Saal" (Штутгарт), "Fondation Louis Vuitton Auditorium" (Париж) сияқты әлемдік сахналарға шықты. Корольдік музыка колледжінде профессор Ванесса Латарштан білім алып, магистрлық білімді жоғары дәрежеде аяқтады. "ABRSM", "Countess of Munster", "Hattori Foundation", "Drake Calleja" және "Talent Unlimited" бағдарламасы сияқты көптеген халықаралық стипендиялар қоры оған қолдау көрсетеді. Қазір ол елімізде шығармашылық өнерін белсенді дамытып жүр және "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының солисі.

"Әлім Бейсембаевтың классикалық музыканың үздік жауһарлары мен сапалы аудио жазбалары бар "Warner Classics" лейбліндегі "Liszt: Transcendental Études" атты дебюттік альбомы қазақ өнерінде серпіліс жасады. Альбом 2 желтоқсанда жарыққа шықты. Бұл сирек кездесетін оқиға, біз үшін ғана емес, бүкіл ел үшін мақтаныш", - деді Р.Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова.

"Liszt: Transcendental Études" атты дебюттік альбом - ең күрделі фортепианолық шығармалар, шабыттандыратын және жаңа деңгейге көтеретін туындылар... Бала кезімде Дьердь Цифр, Рихтер және Кисин сияқты аты аңызға айналған пианистердің орындауындағы музыканы тыңдап өстім. Сол туындыларды бір күні өзім орындаймын деп еш армандаған емеспін...", - дейді Ә.Бейсембаев.

Әлемдік турне аясында 25 желтоқсан күні Ә.Бейсембаев Астанадағы "QAZAQSTAN" орталық концерт залында жерлестерін ғарыштық энергиямен және мінсіз техникалық шеберлігімен қуантады! Концертте музыкант дебюттік альбомына және CD жинағына енген Ф.Шуберт, Ф.Лист, С.Рахманинов шығармаларын орындайды.

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети