Алматы мен Астанаға Тото Кутуньо келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Астанаға Тото Кутуньо келеді

Италияның алтын дауысы Тото Кутуньо 28 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында, 30 наурыз күні Астанадағы "Қазақстан" Орталық концерт залында концерт береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz, NUR.KZ сайтына сілтеме жасай отырып. Италиялық әнші әрі сазгер Сальваторе Кутуньо өзінің шығармашылық жолын барабаншы болып бастаған. Кейіннен ол "Toto e Tati" атты топ құрып, өзі ән жаза бастады. Оның Джо Дассенмен бірлесіп жазған әндерін көпшілік сүйіп тыңдайды. Сондай-ақ әнші-сазгер Кутуньо Адриано Челентано, Мирей Матье, Ricchi e Poveri, Далид секілді атақты әншілерге арнайы ән жазған. Тото Кутуньо 1976 жылы Сан Ремодағы байқауда үшінші орын иеленген, 1980, 1983 жылдары бірінші орын алса, 6 рет екінші орын иегері болды. 1990 жылы "Евровидение" байқауының үздігі атанған. Қазіргі кезде де Тото Кутуньоның әлемнің әр елінде өтетін концертінде аншлаг болады. Оның әндері үлкеннің де, жастың да жүректерінен орын алған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети