Алматы қаласында 1000 орындық жаңа концерт залы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында 1000 орындық жаңа концерт залы ашылды "Алатау" концерттік комплексі. Суретті Айжан Тугельбаева түсірген

"Алматы қаласында 1000 орындық жаңа "Алатау" концерт залы ашылды" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы қаласында 1000 орындық жаңа "Алатау" концерт залы ашылды" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас концерттік холл 790 орынға шақталған, сондай-ақ оған қоса әр қайсысы 125 орыннан тұратын екі кино залы бар. Ғимараттың сырт пішіні роял формасымен тұрғызылған. Ол заманауи технологиямен жасалған, кәсіби дыбыс қондырғыларымен және желдеткішпен жабдықталған. "Алатау" киноконцерт залы Момышұлы көшесімен Рысқұлов даңғылының қиылысында, Ақын Сара көшесіне жетпей орналасқан.

Айта кетерлігі, бұл Алматыда 1979 жылдан кейін алғаш салынып отырған мәдениет ошағы. Дәл сол жылы Мұхтар Әуезов драма театры бой көтерген еді. Алатау ауданындағы бұл мәдени ойын-сауық орталығының құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Ғимараттың бас сәулетшісі -Тоқтар Ерғалиев.

Комплекстің ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есимов "бұл концерт залында талай эстрада жұлдыздары тамаша концерттер беретініне сенімдімін және біз соның куәсі боламыз. Сонымен қатар бұл ғимаратта балалар үйірмелері жұмыс істейтін болады. Бұл жерде зал көп, мен кеше өзім аралап шықтым" деп атап өтті.

Айта кетерлігі, аталмыш концерт залының маңында Универсиады-2017 ойындарын өткізуге арналған мұз аренасы және олимпияда ауылы орын тепкен.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети