Алматыда Абайдың бейнесі өз өлеңдерімен салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Абайдың бейнесі өз өлеңдерімен салынды ©Guerrilla creative house

Алматыдағы бір тұрғын үйдің қабырғасына Абайдың бейнесі өз өлеңдерімен салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. Мұндай граффитидің Абай даңғылынан көрініс табуы да оған айырықша нышан береді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы бір тұрғын үйдің қабырғасына Абайдың бейнесі өз өлеңдерімен салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. Мұндай граффитидің Абай даңғылынан көрініс табуы да оған айырықша нышан береді.

Бұл қолөнер жұмысына ұлы ақынның нақыл сөздері мен Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романынан үзінділер алынған. Ақын кескініндегі граффитиді жасаған жарнама агенттігіндегілердің айтуына қарағанда, мұндай жобалар тек Алматы қаласы бойынша жоспарланған екен, алайда Абай өлеңдері болашақта еліміздің басқа қалаларында да бой көрсетуі мүмкін екенін олар жоққа шығармайды. Жалпы, ұлтымыздың үш  қайраткерінің бейнесін суреттеу жоспарланыпты, алайда әзірге қалған екі жұмыста қандай тұлғалардың шығармасы пайдаланылатындығы белгісіз күйінде қалып отыр. 

Жоба авторларының айтуына қарағанда, Абай өлеңдері сипатында ақын бейнесін бейнелеу Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау мақсатында туындаған. "Сондай-ақ, көше қабырғаларындағы жаман сөздер өшіріліп, тазаланып, оның орнына биіктігі үш метр болатын Абай Құнанбаевтың бейнесі салынады. Данышпанның ойлы сөздерін көріп, оны оқыған жастарда ақынның туындыларын, Мұхтар Әуезовтің "Абай жолын" оқуға деген құштарлық оянар деп үміттенеміз" - дейді суретшілер.

Абай өлеңдері сипатындағы ақын портреті қоғам белсенділерінің қолға алған алғашқы әлеуметтік жобасы еместігін айта кетелік. Алдында олар қала басшылығының назарын шұғыл жөндеуді қажет ететінін көшедегі шұңқырларға аудару үшін жасанды адам аяқтарын әзірлеп,  оны аспанға қаратып шұңқырға тығып қойған. Сырттан қараған адамға әлгі шұңқырға бір адам құлап бара жатқан секілді әсер қалдырады. Бұл аяқтар қағаздан, желімнен жасалған, сондықтан ол жол қозғалысындағыларға еш кедергі келтірмейді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети