Алматыда "Кішкентай ханзада" ертегісін жалғыз актер сахналайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Кішкентай ханзада" ертегісін жалғыз актер сахналайды

Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Антуан де Сент-Экзюперидің "Кішкентай ханзада" атты ересектерге арналған ертегісін тамашалауға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тамшы" ғылым және мәдениет қорына сілтеме жасап.

Қойылымның басты ерекшелігі - актер Сафуан Рысбайұлы бірнеше рөлді жалғыз өзі ойнап шығады. Моноспектакльдің режиссері - Болат Әбдірахманов.

Сахна туындысы кішкентай ханзаданың басынан өткен оқиғалары туралы. "Оқиға ұшқыштың өз өмірін баяндауынан басталады. Ұшағы сынып, жапан далада жалғыз қалған оның жанына бір кішкентай бала келіп, одан қошақанның суретін салып беруін өтінеді. Салған суреттерінің бәрі балаға ұнамаған соң ұшқыш алдында тұрған жәшіктің суретін салып береді. Қошақаны соның ішінде деп сенген бала мен ұшқыш арасындағы диалог одан әрі өрбиді", - делінген хабарламада.

Шығарманың мақсаты - үнемі "маңызды" істерден қолы босамайтын ересектердің бейнесін көрсету, сол арқылы ол миллиондаған адамның арасында жүріп бір күні жалғыз қалуың мүмкін екенін меңзейді.   

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети