Алматыда Қонаевтың граффити портреті пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Қонаевтың граффити портреті пайда болды

Алматыда Tigrohaud crew стрит-арт суретшілер Дүнмұхамед Қонаевтың суретін қабырғаға салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Tigrohaud crew стрит-арт суретшілер Дүнмұхамед Қонаевтың суретін қабырғаға салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОК Қазақ КСР Компартиясының бірінші хатшысының граффити суреті үшінші ықшамауданында № 122 мектептің жанында салынды. Жұмыс биіктігі - екі метр. Ол 6 қыркүйекте бір күн ішінде салынған. 


© Instagram/tanai_tigrohaud

Tigrohaud crew ұйымының мүшелерінің бірі Ержан Танаев Қонаевтың суреті неліктен пайда болғанын түсіндірді. "Мен бұл кісіні қатты құрметтейтінім түрткі болды. Өзім таңғаламын. Ешқашан көрген емеспін, бірақ ол кісі туралы әрдайым жақсы дүниелерді естимін. Ол кісіден өнеге алуға болады", - деді Танаев. 

Сонымен қатар, суретші мемлекет қайраткері туралы қала тұрғындарынан кейбір қызықты жағдайларды естігенін айтады. 

"Бір әжей Қонаевпен қол алысқан екен. Әжей мен басқа да адамдар ол кісі туралы білетін жағымды естеліктерін бөлісті. Жұмыс барлығына ұнады, өзім де риза болдым", - деді Танаев. 

Суретке сол жерден өтіп бара жатқан полицейлер де назар аударған. 

"Полицей көлігі тоқтады. Не үшін, қалай салып жатқанымды сұрады. Мақтады да кетіп қалды. Тыйым салмады", - дейді суретші. 

Ержан Танаев пен Әли Закиров Tigrohaud crew шығармашылық бірлестігін құрып, Қазақстанның көптеген қалаларын әрлеп жүр. Суретшілердің айтуынша, олардың жұмыстары Алматыға қарағанда басқа қалаларда көбірек. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети