14 қазан 2021 14:35

"Алматы Аруы - 2021" анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

"Алматы Аруы-2021" атағын 24 жастағы студент Азиза Тоқашева иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы Аруы-2021" атағын 24 жастағы студент Азиза Тоқашева иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінде магистратурада оқиды. Мамандығы - менеджмент-маркетинг. Омбы гуманитарлық университетін бітірген. Алматыда қазақ мектебінде оқыған.

Реклама
Реклама

Азиза сегіз жасынан бастап халық билерімен айналысады, көптеген концерттер мен қалалық іс-шараларда өнер көрсетті. Қазір де бимен айналысуын жалғастырып жүр. Сонымен қатар, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға белсенді қатысады.

"Бала кезімнен сұлулық байқауына қызығатын едім, түрлі іс-шараларға, шоуларға қатысуға тырыстым, әлеуметтік және қайырымдылық акцияларында белсенді болдым. Балалар үйінде тәрбиеленушілермен жұмыс жасадым. Менің ойымша, сұлулық - бірінші кезекте, ішкі әлеміңнің сұлулығы. Өзіңізді жетілдіруге тырысыңыз, жан-жақты болыңыз, ең бастысы - мейірімділік", - дейді Азиза.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" - Назерке Карманова,"Павлодар Аруы" - Айдана Жұмабекова, "Орал Аруы" Екатерина Кужекешова болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram