1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Өнер

"Ақтөбе Аруы - 2021" байқауының иегері анықталды 08 қазан 2021, 15:47

"Ақтөбе Аруы - 2021" байқауының жеңімпазы Назерке Карманова атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

"Ақтөбе Аруы - 2021" байқауының жеңімпазы Назерке Карманова атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 жастағы бойжеткен Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университетін бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. Қазір ол Алматыда тұрады және банкте клиенттерге қызмет көрсету менеджері болып жұмыс істейді.

Ол қазір садақ атуды үйреніп жүр. Сонымен қатар, видео түсіргенді және фотоға түскенді жақсы көреді. Карантинге дейін Қазақстанда және шетелде өткен сән апталықтарына қатысқан.

"Менің арманым - Қазақстанды халықаралық аренада таныстыру. Мұны қазірдің өзінде сезіндім, бұл - сенің туған жеріңе деген шынайы мақтаныш, махаббат. Бұл сезімді ешнәрсемен салыстыруға болмайды", - деді жеңімпаз. 

Назеркенің отбасында бес бала бар, ол - үйдің үлкені. Ата-анасы шағын кәсіппен айналысады.

"Мен үшін өмірдегі маңызды мақсаттардың бірі - отбасын құру және ана болу", - деді ол.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көріп, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы-2021" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова болған еді.

Күн сайын Tengrinews.kz сайтында байқау нәтижелері жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram