24 шілде 2017 | 15:27

Алматы облысында Қызылағаш оқиғасындағы балаларға арналған фотокөрме өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен. Сурет Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Алматы облысында Қызылағаш оқиғасындағы балаларға арналған фотокөрме өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Экспозиция авторы журналист әрі басылым редакторы Сандуғаш Дүйсенова. Ол күнделікті күйбеңді ұмытып, бір сәт балалар суретіне көз салуға шақырады. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында Қызылағаш оқиғасындағы балаларға арналған фотокөрме өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Экспозиция авторы журналист әрі басылым редакторы Сандуғаш Дүйсенова. Ол күнделікті күйбеңді ұмытып, бір сәт балалар суретіне көз салуға шақырады. 

Мұндай фотосуреттерді қалай сақтап қала алғаны туралы ол Алматы облысының аймақтық коммуникация қызметіндегі брифинг кезінде айтып берді. 

Фотограф қызметінің ерекшелігі қарапайым көріністерден әдемілік іздеу. "Балалық шақ галереясы" атты көрме 2010 жылы су тасқынынан аман қалған Қызылағаш балаларына арналған. Әуесқой түсірілген бұл суреттерге бүгінде баға жетпейді. 

Қызылағаш оқиғасынан бері 7 жыл өтті. Алайда автор бұл қайғылы оқиғаны ұмытпау керегімізді айтады. Сондықтан ол жинаған суреттерден көрме ұйымдастырған. Қайғылы оқиға салдарын жоюға 10 жыл толғанда автор осы балаларды жинап, олардың өмірі туралы баян етпек. Жалпы адамды селт еткізер 15 сурет бар. Автор суреттерді бірегей деп біледі, өйткені ол уақыттың суреттері бүгінде сақталмаған. Автор 20 жылдай журналистика саласында қызмет етіп келе жатқанымен, кәсіби деңгейде фотограф болуды ойламаған. 

"Фотоаппаратты қолға алуға өмірдің өзі итермеледі. Сандық фото заманы келгенімен, журналистердің тапсырмамен барған жерінде фотографтың еңбегі жетіспей жатады. Мен балаларды, табиғатты және жануарларды суретке тсіргенді ұнатамын. Бір күні ойладым: "Суреттерді неге жинамасқа?". Қазір менің мұрағатымда 2000 аса түрлі сурет бар. Мен үшін бұл да жазба журналистика сияқты - бұл жетістік. Қазір кәсіби мамандар және жас дарындардан фотография өнерін игеріп жүрмін", - дейді Сандуғаш Елубайқызы. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети