Алматыда алғашқы мемлекеттік Almaty Gallery көркем сурет галереясы ашылды

26 Желтоқсан 2018, 15:10
2
Алматыда алғашқы мемлекеттік Almaty Gallery көркем сурет галереясы ашылды -

Алматыда алғашқы мемлекеттік Almaty Gallery көркем сурет галереясы ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекеттік Almaty Gallery көркем сурет галереясының алғашқы экспозиясы ретінде Мемлекет басшысының таяуда жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласымен үндестік тапқан Санжар мен Жанель Жұбановтардың "Номад жүрегі" көрмесі ұсынылды.

Көркем суреттерде жаңа формат идеялары қалыптасқан, мұнда "алмалы қала" тұрғындарының портреттері, тасқа ойылып жасалған бейнелер, жұлдызды графиканың кереметі, номад поэзиясының құдыреті сайрап тұр.

"Біздің халқымыздың тарихында өнерде, ғылымда өздерінің соңынан өшпейтін із қалдырған әулеттер жетерлік Мәселен, Әуезовтар, Сәтбаевтар, Серкебаевтар, Тілендиевтер әулеттері. Солардың бірі - Жұбановтар әулеті. Мен мәдени орталықтың құрылғанына өте қуаныштымын, енді біздің суретшілеріміз, өнер қайраткерлері мен жас дарындар өз шығармаларын тек қала тұрғындарына ғана емес, ару қаламыздың қонақтарына да көрсете алады. Біз бұдан былай да мәдениет пен өнерді дамыту үшін барлық жағдайды жасаймыз әрі халқымыздың өзіндік ерекшелігін, салт-дәстүрін насихаттайтындарға қолдау көрсетеміз", - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Жаңа мәдени мекеме басшысы Кристина Бекмұрзаева өзінің сөзінде алғашқы мемлекеттік Almaty Gallery көркем сурет галереясының мәдени тұғыр екенін, оның шығармашылықтың жекелеген бөліктерін қамтитынын әрі интерактивті түрде жинақталатын заманауи мобильді және академиялық көрме кеңістігі екенін айтты.

"Алматының Қазақстанның ұлттық живопись мектебінің орталығы атануы тегін емес, мұнда заманауи көркем сурет процессінің барынша жарқын және қызықты қырлары шоғырланған. Almaty Gallery - бұл жас дарындарды, шығармашылықты енді ғана қолға алған шеберлерді қолдау орталығы. Бұл шығармашылық тандем және ұрпақтар үндестігі, енді аты аңызға айналған суретші өз өнерімен бөлісіп, өзінің ісін өскелең ұрпаққа бере алады. Барлық стенділер мен экспозициялар, жарықтың берілуі өте мобильді, әрі суретшінің толық мүмкіндігін көрсете алады. Оның үстіне, бұл - ашық алаң, түрлі кездесулер және қайырымдылық пен басқа да мәдени шараларды өткізуге болады", - деді ол.

Айта кетейік, "Рухани жанғыру" аясында Алматыда тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары қарқын алуда. Қала басшылығы Райымбек батыр мавзолейін реконструкциялауды, "Этноленданы" қалыптастыруды, Розыбакиев көшесі бойындағы қорғанды музейфикациялауды және сонау темір дәуірінің жұрнағы ретінде қала аумағында сақталып қалған жалғыз ескерткіш - Боралдай сақ қорғандарының ашық аспан астындағы музейі құрылысын қолға алуды жоспарлап отыр.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай