29 қаңтар 2014 17:12

Алматыда Сәбира Майқанованы еске алу кеші өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәбира Майқанова Сәбира Майқанова

Бүгін Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасының көрмелер залында белгілі актриса, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Сәбира Майқанованың 100 жылдығына орай "Мәңгі өлмес өнер иесі" атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайдыTengrinews.kz . "Інжу-маржан" клубы ұйымдастырған Сәбира Майқанованың өмірі мен шығармашылығына арналған кешке белгілі театр және кино актерлері, қоғам қайраткерлері, өнертанушылар, кітапханашылар қатысты. Кеш аясында "Мәңгі өлмес өнер иесі" атты кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды. Театр сахнасында Толғанай, Ұлжан, Алтынай т.б, фильмдерде Мақпал, Гүлбарша, Торғын, Дәметкен секілді кейіпкерлерді сомдаған Сәбира Майқанова қазақ өнеріндегі қайталанбас құбылыс бола білген тұлға. Әшірбек Сығай, сыншы: – Сәбира апайдың шеберлігі, бірбеткей мінезі, елді аузына қарата алатын шешендігі нағыз қариялыққа, ұлағаттыққа тән айшықты қасиеттер еді. Сәбира апай өзінің мұрағатының көп бөлігін маған тастап кетті. Ол кісі қалам ұстамаған адам болғандықтан еңбектерін көз майымды тауыса отырып жарыққа шығардым. Сәбира Майқанованың өмірбаянымен таныса отырып, өмір жолының ауыр болғанына көзім жетті. Кітапты өңдей отырып, кейбір тұстарда жанарыма жас та тығылды. Бірақ Сәбира апам өміріндегі қиындықтардың ешбірін ешкімге білдіртпей, үнемі жалын күдірейтіп жүретін. Ол кісіге қарап қазақ әйелдерінің қайратын, шексіз жігерін танынушы едік. Жарықтық күлсе шынайы күлетін, жыласа, шынайы жылайтын, біреуді жақсы көрсе де, жек көрсе де жасырмай айта салатын. Сәбира Майқанова ер-азаматқа бергісіз жан еді. Сахнадан сыр білдірмей аттанған Сәбира Майқанованың 100 жылдығын атап өту Ұлттық кітапханада бастау алды. Осы жылы өнер саңлағының мерейтойына орай біршама іс-шаралар өткізіледі деп жоспарлануда. Өмірден озғанына 15 жылдан асса да Сәбира Майқанованың ең болмаса бір көшеге есімі берілмегені ат үстіндегі азаматтарға сын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети