29 наурыз 2019 11:17

Алматыда тұңғыш рет "Киелі бесік" республикалық өнер байқауы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұлттық мұрамызды ұлықтап, төл мәдениетімізді жаңғыртуға бағытталған "Киелі бесік" республикалық өнер байқауы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан айтты.


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұлттық мұрамызды ұлықтап, төл мәдениетімізді жаңғыртуға бағытталған "Киелі бесік" республикалық өнер байқауы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан айтты.

Оның айтуынша, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған фестиваль "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Мақсат - қазақ елін мекендейтін түрлі этнос өкілдері мен халықтардың салт-дәстүрін насихаттау, ұлттық мәдениетті нығайту, өскелең ұрпақты отбасы құндылығын бағалай отырып құрметтеуге, мейірбандық пен ұлттық кодты сақтауға тәрбиелеу және талантты жастарды анықтау.

Өнер және мәдениет факультеті ұйытқы болған фестивальға еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің қоғамдық бірлестіктері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ұжымы мен мектеп оқушылары қатысты.

Байқауда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттері өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Сонымен қатар шарада Ұйғыр аналар одағы, Орыс мәдени орталығы, Неміс мәдени орталығы, Татар-башқұрт қоғамдық мәдени орталығы, Украин мәдени орталығының және Алматы облысы Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің, Жамбыл облысы Жуалы мен Қордай аудандарының өнерпаздары да сынға түсті.

Сан талантты тоғыстырған байқаудың ашылу рәсімінде Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

"Білім мен ғылымның қарашаңырағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бастама танытуымен елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған "Киелі бесік" республикалық музыка фестивалі - ұлтымыздың ұлылығын ұлықтап, мерейін таcытуға бағытталған бірегей шара. Бұл фестиваль бабадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық қазыналарымызды қадірлеуге, жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтеуге үндейді. Қазақ елінде тұратын түрлі этнос өкілдері мен халықтардың салты мен төл мәдениетін насихаттауға бағытталған бұл байқау алдағы уақытта да дәстүрге айналатынына кәміл сенімдімін.

Бұған себеп те жоқ емес. "Береке, қайда барасың? Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елге барамын" деген ұлағатқа айналған ұлы сөз бар қазақта. Расымен де елдің табысты һәм ырысты болуы береке-бірліктің арқасында. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендіктің елең-алаң жылдарында, 1995 жылы Қазақ елін мекендейтін барлық этностардың басын қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Бұл бірегей институттың бүгінде елімізде орнаған бейбітшілікке қосқан үлесі зор деп ойлаймын. Қазіргі күнде сан ұлтты ұйыстырған, талай тілекті тоғыстырған мерейлі мемлекетімізге өзге жұрт қызыға қарап, үлгі алушылар көп", - деді Гаухар Алдамбергенова.

Оқу орнының басшысы өз сөзінде бүгінгі Қазақстан тыныштық пен тұрақтылықтың мекеніне айналғандығын да атап өтті.

"Біз әлемнің көз алдында бірліктің бесігіне, татулықтың тірегіне айналдық. Біз бүгінгідей аумалы-төкпелі кезеңде Елбасының саяси батылдығының арқасында тәуелсіз Қазақстанның әрбір даму кезеңі жетістіктердің, көпұлтты Отанымыздың бірлігі мен тұрақтылығын нығайтудың жылдарына айналғанын айқын сезініп отырмыз. Тарих толқынында "мың өліп, мың тірілген" ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы асыл арманы шындыққа айналып - тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткіздік. (...) Достық пен ынтымақ бар жердебереке мен ырысболарыайдананық, бесенеден белгілі. Баршаңызға бірлік пен ынтымақты ту еткен мәні зор, маңызы ауқымды шараға қолдау білдіріп, белсенділік танытқандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай,  - деді университет ректоры.

Айта кетейік, байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашқы турда қатысушылар бесік тақырыбында театрландырылған қойылымды көпшілік назарына ұсынса, екінші кезеңде "Киелі бесік" тақырыбындағы халық әндерін орындады. Олардың қатарында бесік жырлары, ана әлдиі мен бесік туралы әндер бар.

Қатысушылардың өнері театр қойылымының ақпараттық насихатталуы, бұрын зерттелмеген тың идеяны көрсету, декорация, костюм және актерлік шеберлік сынды бағыттар бойынша бағаланды. Ал музыкалық бағытта әннің сөзі мен әуенінің сапалылығы, шығарманың күрделілігі, орындаушының сахналық киім үлгісі мен мәдениеті назарға алынды. Қазылар алқасының құрамында мәдениет қайраткерлері, ақын, жазушылар мен танымал өнер жұлдыздары бар.

Фестиваль жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети