Алматыдағы екі театрдың директорлары ауысты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сәбит Әбдіхалықов. © auezov-theatre.kz Сәбит Әбдіхалықов. © auezov-theatre.kz

Алматыдағы екі театрдың директорлары ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы екі театрдың директорлары ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықов театрдың директоры болып тағайындалды.

"Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының бұйрығымен Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып Сәбит Әбдіхалықов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Театр ұжымына жаңа директорды вице-министр Ақтоты Райымқұлованың таныстырғаны айтылады.


Сәбит Әбдіхалықов © otyrar.kz

Сәбит Әбдіхалықов 1973 жылы 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Рабат ауылында дүниеге келген. Ол әр жылдары "Бауыржан-шоу", "Тамаша", "Мафия мен Тақия" театрларының актері болған. 

2015 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызыметін атқарып келген.

Сондай-ақ, белгілі актер Азамат Сатыбалдының Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы қызметіне тағайындалғаны белгілі болды.


Азамат Сатыбалды. © instagram.com/azamatc

Бұл мәліметті театрдағылар растады. Жаңа директорды мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырды.

"Бүгіннен бастап Азамат Сатыбалды біздің театрдың директоры", - деп хабарлады театрдағылар.

Азамат Сатыбалды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, продюсер, театр және кино актері, 1977 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Луговой ауылында дүниеге келген. Қарағандыдағы Суворов училищесінде оқыған. "Бақсы", "Братья", "Рэкетир 2: Возмездие" фильмдеріне түскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro