05 қыркүйек 2018 09:25

Алматыдағы жерасты өтпе жолдарындағы суреттерді кім салады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы жерасты өтпе жолдары өзгеріп, жаңа реңк алған. Енді жергілікті қала тұрғындары жерасты өтпелеріне көркем галерея ретінде сағаттап қарайтын болды. 


Алматы жерасты өтпе жолдары өзгеріп, жаңа реңк алған. Енді жергілікті қала тұрғындары жерасты өтпелеріне көркем галерея ретінде сағаттап қарайтын болды. 

Tengrinews.kz тілшісі бұл көркем суреттерді бірнеше апта бойы салуға атсалысқан көп адамның ішінен үш суретші жайлы баяндайды. Мұндай көркем галереяның авторлары сурет салу кезінде қандай қызықтар мен қиындықтарға тап болғанын әңгімеледі. 

Жақында Тимирязев көшесінің жерасты өтпесінде танымал Денис Тен, Батырхан Шүкенов, Виктор Цойдың суреттері пайда болды. Бұл сурет авторлары - Әйгерім Сабанчиева, Диана Мүптеке және Әсем Кеңесова.  

Қыздар 25-26 жаста екен. Олар Алматыдағы Таңсықбаев атындағы Сәндік және қолданбалы өнер колледжінде оқиды. Бірге салып жүргендеріне 5 жыл. Бұл шығармашыл топ үйлер мен мейрамханалардың дизайнын да жасайды. Олардың жұмысын Талдықорған, Шымкент қаласынан көре аласыздар.

"Денис Теннің, Батырхан Шүкеновтің, Виктор Цойдың портреттері бір күнде пайда болды. Біз оларды поп-арт стилінде салғандықтан оңай болды. Эмальмен жұмыс істейміз, бұл қалыптасып кеткен өзіміздің ажырамас стиліміз. Онымен сурет қиынырақ, себебі ол көркемдік емес құрылыс бояуы, алайда ұзаққа дейін шыдайды", - дейді Әйгерім Сабанчиева. 

Қыздар басқа суретшілер секілді Алматыдағы жерасты өтпелерін көркемдеген. Қазір ол Сәтбаев пен Манас көшелерінің қиылысындағы жерасты өтпесін көркемдеп жатыр. 

"Біз бұрыннан бері Алматыға пайда тигізгіміз келді. Сондай мүмкіндік түсіп қалып, көптеген суретшінің арасынан іректеуден сүрінбей өттік. Жерасты өтпелеріне сурет салмай тұрып біз әкімдіктегілермен қандай сурет салатынымызды, тақырып не болатынын талқылаймыз. Тәжірибемізде жерасты өтпесінде салуымыз бірінші рет", - дейді Әйгерім Сабанчиева. 

Қыздар қабырларға қазақ стиліндегі бейнелерді де салады. Мысалға, түгелдей бір қабырғада қазақтың білезіктері ірі көлемде салынып, оларды айнала қоршап жүрген адамдар бейнелеген. 

Суретшілердің айтуынша, орташа есеппен бір жерасты өтпесін салуға бір аптадай кетеді екен. 

"Бір күннің ішінде қажетті бояуларды сатып аламыз. Кейін жұмысқа кірісіп, бір портретті бір күнде аяқтаймыз. Егер тапсырыстың көлемі үлкен болса, соған қарай уақыты да көп алады. Жұмыс барысында бояуларды көбірек қолданып қойсақ, қайта жөндеп үстінен жаңа бояу жағамыз. Қиындықтар көп деп айта алмаймын, себебі тек артыңғы фон қандай болатыны немесе қабырға дайын болмағанын есептемесек, жұмысымыздан тек ләззат аламыз. Күндізгі уақытта жұрт ары-бері жүргендіктен, түңгі уақытта саламыз. Ал күндіз салуға тура келсе, құлаққап киіп жұмыс істей береміз", - дейді суретші. 

Сәтбаев пен Манас көшелерінің қиылысынан басқа, қыздар Абай даңғылы мен Байзақов, әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин көше бойларын әсемдеуге атсалысқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети