Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театры ©Нұрғиса Елеубеков
Биыл Алматыдағы Абай атындағы мемлкеттік академиялық опера және балет театрына 80 жыл толады. Осы торқалы тойға орай театр көрермендерге 5 премьера ұсынбақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Көктем мерекелері қарсаңында алдымен Сыдық Мұхамеджановтың "Айсұлу" операсы көрсетіледі. Биыл Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 90 жыл, ал операның жазылғанына 50 жыл толып отыр. Бұл лирикалық комедия жанрындағы тамаша туынды әртістік статусқа жету үшін талабы күшті, біздің шығармашылық параметрлерімізге сай дүние", – дейді опера және балет театрның директоры Ғабит Несіпбаев. Сәуір айында өнерсүйер қауымға италиялық компазитор Винченсо Беллинидің "Капулетти және Монтекки" операсы ұсынылады. Опера және балет театрының маңдайалды шығармасы болып саналатын "Абай" операсының жаңа нұсқасы мамыр айында көрсетіледі деп жоспарланған. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің "Абай" операсы 1944 жылы жарық көрген еді. Күзде алматылықтар мен Алматы қонақтары француз композиторы Жорж Бизенің "Інжу жинаушылар" шығармасын тамашалай алады. Желтоқсан айында мерейтойлық жылды үлкен балет спектаклі аяқтайды. Бұл спектакльдің атауы әзірге нақты болмағандықтан жарияланбады. Абай атындағы Мемелкеттік академиялық опера және балет театры 1934 жылы М.Әуезовтың "Айман-Шолпан" музыкалық спектаклімен ашылған. Мұндағы орындалған халық әндерін, күйлерді Иван Коцык өңдеген болатын. Опера және балет театры ашылғалы мұнда Күләш Бәйсейітова, Ермек Серкебаев, Құрманбек Жандарбеков, Шара Жиенқұлова секілді тарихи тұлғалар өнер көрсеткен еді.
Биыл Алматыдағы Абай атындағы мемлкеттік академиялық опера және балет театрына 80 жыл толады. Осы торқалы тойға орай театр көрермендерге 5 премьера ұсынбақ, деп хабарлайды
Tengrinews.kz.
"Көктем мерекелері қарсаңында алдымен Сыдық Мұхамеджановтың "Айсұлу" операсы көрсетіледі. Биыл Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 90 жыл, ал операның жазылғанына 50 жыл толып отыр. Бұл лирикалық комедия жанрындағы тамаша туынды әртістік статусқа жету үшін талабы күшті, біздің шығармашылық параметрлерімізге сай дүние", – дейді опера және балет театрның директоры Ғабит Несіпбаев.
Сәуір айында өнерсүйер қауымға италиялық компазитор Винченсо Беллинидің "Капулетти және Монтекки" операсы ұсынылады. Опера және балет театрының маңдайалды шығармасы болып саналатын "Абай" операсының жаңа нұсқасы мамыр айында көрсетіледі деп жоспарланған. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің "Абай" операсы 1944 жылы жарық көрген еді.
Күзде алматылықтар мен Алматы қонақтары француз композиторы Жорж Бизенің "Інжу жинаушылар" шығармасын тамашалай алады. Желтоқсан айында мерейтойлық жылды үлкен балет спектаклі аяқтайды. Бұл спектакльдің атауы әзірге нақты болмағандықтан жарияланбады.
Абай атындағы Мемелкеттік академиялық опера және балет театры 1934 жылы М.Әуезовтың "Айман-Шолпан" музыкалық спектаклімен ашылған. Мұндағы орындалған халық әндерін, күйлерді Иван Коцык өңдеген болатын. Опера және балет театры ашылғалы мұнда Күләш Бәйсейітова, Ермек Серкебаев, Құрманбек Жандарбеков, Шара Жиенқұлова секілді тарихи тұлғалар өнер көрсеткен еді.