Халықаралық театр фестивалі мен "Откровение" жастар театр фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халықаралық театр фестивалі мен "Откровение" жастар театр фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жастар фестиваліне Алматы қаласынан бес театр ұжымы мен Павлодардан бір театр ұжымы қатысты. DiWel және "Свой театр" труппалары алғыс хат алса, "Үміт" аталымы бойынша "Сцены из Фауста" қойылымымен Datheatre (Алматы) театры және "Я есть тварь?" қойылымымен "Промень" халық жастар театры (Павлодар) жүлдеге ие болды. Оларға сыйлық ретінде 500 мың және 300 мың қаржы берілді.
Театр фестивалінің ұйымдастыру комитетінің арнайы жүлдесі Илья Бобковқа "Моцарт" қойылымын ұсынғаны үшін бұйырды. "Октровение" аталымында фестивальдің үздік қойылымы - Сергей Тайфельдің басшылығындағы "Кофейня №6" арт-жобасының "Рэнт: Рождение панк-мессии" болды. Оларға бір миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылды.
"Керемет театр коктейлі болды. ТМД елдерінен 125 қатысушыны қабылдағанымыз - біз үшін үлкен мәртебе. Бізге әлемде аты шыққан кәсіби арт-менеджерлер, продюсерлер, сыншылар, драматургтер мен режиссерлер, тәуелсіз және мемлекеттік театрлар келді. Театрлар шын мәнінде инновациялық қойылымдарды қойды. "Откровение" халықаралық театр фестиваліне келсек, осы жылы берілген аталымдар Алматының тәуелсіз театрлары мен жалпы Қазақстан театрларына жақсы стимул берді", - деді ұйымдастырушы Ольга Сұлтанова.
Театр фестивалі 2014 жылдың 22-29 қараша аралығында өтті. Армения, Ресей, Украина, Өзбекстан және Қазақстан театрларының шығармашылық ұжымдары өздерінің үздік қойылымдарын паш етті.