Алматылық оқушы әлемнің 4 жетекші өнер колледжінен шақыру алды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық оқушы әлемнің 4 жетекші өнер колледжінен шақыру алды Жеке мұрағаттан алынған сурет

Әлемнің төрт жетекші өнер колледжі Алматы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бітіруші сынып оқушысы Далес Мыңжасарды оқуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемнің төрт жетекші өнер колледжі Алматы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бітіруші сынып оқушысы Далес Мыңжасарды оқуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектеп түлегі Массачусетс өнер және дизайн колледжіне, Чикаго өнер институтына (SAIC), Ringling өнер және дизайн колледжіне, Сент-Луис Мадрид университетіне (SLU) оқуға түсті. Оған қоса Далес Лесханқызы тағы екі жоғары оқу орнынан шақыру күтіп отыр.

"Оқуға дайындықтың басты кезеңі шығармашылық портфолио жасау болды. Шығармашылық мамандыққа түсу туралы шешімді салыстырмалы түрде кеш қабылданғандықтан, 25 толыққанды жұмысты салу үшін үш ай ғана уақытым болды. Олардың қатарына дәстүрлі түрде қолмен салынған картиналар да (маймен, акрилмен, акварельмен және т.б.), диджитал картиналар мен аралас техникадағы жұмыстар да кіреді", - дейді Далес.

Ол шығармашылық еңбектерінде экология мәселелерін қозғаған.

Жас суретшінің басқа картиналары терең философиялық мағынаға ие.

Далес Мыңжасардың суреттері

Жас суретшінің айтуынша, оған құжаттар жинауға, эссе жазуға және ұсыныс жұмыстарына мұғалімдері үлкен көмек көрсеткен.

Айта кетейік, аталған университеттер түлекке merit-based scholarship ұсынып отыр. Яғни, бұл студенттің жетістіктеріне негізделген стипендия.

Далес Мыңжасар "бейнелеу өнері бакалавры: компьютерлік анимация" мамандығын меңгергісі келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети