07 желтоқсан 2018 15:32

Әміре Қашаубаевтың Парижде алған медалі Ұлттық музейге берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас музейі үш жылдың ішінде өңірлерден келіп түскен 3 мыңға тарта құнды жәдігермен толықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның бас музейі үш жылдың ішінде өңірлерден келіп түскен 3 мыңға тарта құнды жәдігермен толықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық музейде 2015 жылдың наурызынан іске асырыла бастаған "Ұлттық музейге сый тарту" арнайы жобасының қорытындысы шығарылды.

"Қорытынды көрменің аясында музей қорына атақты да талантты әртіс Әміре Қашаубаевқа 1925 жылы Халықаралық ән байқауында алған күміс медалін табыстау рәсімі өтті", - деп мәлімдеді Ұлттық музейдің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, "Әміре" атты фильмді түсіру үшін жасалған екі домбыра музейге табысталды.

Әміре Қашаубаев - шетелде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі. 1925 жылы ол Парижде өткен ән байқауында күміс медальді еншілеген болатын.

"Үш жылдық тәжірибе көрсеткендей акция өз мақсатына жетіп, музей қорын құнды жәдігерлермен толықтыру тарапынан бағытымыз айқындала түсті. Ел арасында елеусіз жатқан үш мыңға жуық тарихи мұраларымызды, ұлы тұлғаларымыздың құнды жәдігерлерін жинақтадық. Біз әр жәдігерді кәсіби деңгейде сақтауға кепілдік береміз, ол үшін Ұлттық музейде толық жағдай бар", - деді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин.

Науқан Астана, Алматы, Қостаанай, Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Тараз және Талдықорған қалаларында өткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети