Аңса Мұстафаның "cөйлейтін" суреттері Алматы метросына қойылады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне суретшінің өзі хабарлады.
Аңса Мұстафаның "cөйлейтін" суреттері Алматы метросына қойылады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне суретшінің өзі хабарлады.
Көрме "Сөйле, сурет!" деп аталады. Автордың айтуынша, "сөйлейтін" суреттер Астанадағы Гумилев атындағы университетте тұңғыш рет қойылды.
"Бұл суреттерді мен көп уақыт бойы жинадым. Сөйтсем, мен әлеуметтік тақырыптағы жұмысымды 15 жасымда жасаппын, - дейді Аңса Мұстафа. - Онда темекі тұқылы мен бос шөлмектерде отырған бала бейнеленген, жұмысымның аты "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің". Егер осындай жағдайда өссе, онда өскен соң одан көп үміт күтудің қажеті жоқ".
Автор суреттерін әлеуметтік тақырыптарға арнайды және жастарға өте қажет деп санайды. "Жастардың әдетте өмірде байқай бермейтін келеңсіз жақтарын көрсеткім келді, оларды зардар шегуден, бәле-жаладан қорғағым келеді. Жүкті кезде темекі шегуден жаманы жоқ екенін және сол сияқты мәселелерді көрсеткім келеді. Әлеуметтік тақырыптардағы суреттер мен роликтерді командалар жасайды, үлкен қаржы бөлініп, жастардың жақсы жолға түсуіне жұмсалады. Ал бізде ше? Ал бізде барлық салалардағыдай үлкен "әттеген-айлар" бар", - дейді "сөйлейтін" картиналардың авторы Аңса Мұстафа.
Оның картиналары адамдарға маңызды істер жасауға әсерлендіреді. Мәселен, оның ең танымал суреті қызды жасанды түсік жасату ойынан қайтарды. "Мен одан хат алдым. Ол қыз ажырасқан соң жүкті екенін біліп, аборт жасатуға бел буады. Бірақ Интернетте менің абортқа қарсы картинамды көрген соң райынан қайтты", - дейді Мұстафа.
"Сөйлейтін" картиналар 11-25 қараша аралығында "Байқоңыр" метро станциясына қойылады. Суретшінің айтуынша, суреттер кейін ҚызҰПУ, одан соң Ұлттық ұланға жіберіледі. Айта кетейік, "сөйлейтін" суреттерді салуға Аңса Мұстафа 405 мың теңге жұмсаған. Суретшінің Астанадағы көрмесінің фоторепортажын мына жерден көре аласыздар.