Асанәлі Әшімов театрдан 90 мың теңге айлық алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асанәлі Әшімов театрдан 90 мың теңге айлық алады Асанәлі Әшімов. Фото Владимир Дмитриев©

ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов өзі жұмыс істейтін М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрдан 90 мың теңге көлемінде айлық алады. Атақты әртіс алатын айлықтың көлемі жайлы театр басшысы Еркін Жуасбек мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еркін Жуасбек сондай-ақ, еліміздегі барша театр әртістерінің жалақысыдәл қазіргі уақытта өте төмен екенін, театрларға бөлінетін қаржының басым бөлігі декорация мен киім-кешек тіктіруге кететінін тілге тиек етті. "Көрермендер талабы жоғарылаған сайын, жаңа қойылымдарға кететін шығын да артып келеді. Сондықтан әртістердің жалақысын көтерген абзал. Театрға көрермендерді көптеп тарту үшін әртістерге мейлінше қолайлы жағдай жасауымыз да керек. Мәселен, Халық әртісі Асанәлі Әшімовтың өзі бар болғаны 90 мың теңге айлық алады", - деді Үкімет мәжілісінде сөз алған Е.Жуасбек. Оның сөзіне қарағанда, театр әртістеріне пәтер соңғы рет 2009 жылы беріліпті. "Оның үстіне репертуарлық коллегия да өз жұмысын бастап кетті. Әлемдік деңгейдегі режиссерлармен де жұмыс істеуіміз керек. Мұның барлығы қомақты қаржыны талап етеді", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети