2018 жылдың 17 қаңтарында "Астана балет" театрының труппасы Нью-Йорктегі Линкольн орталығында өнер көрсетеді. "Қазақстан "Астана Балет" Гала" бағдарламасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Жаһандағы заманауи Қазақстан мәдениеті" жобасының аясында өткізіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі балет театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана Балет" театрының Нью-Йорктегі бұл бағдарламасы "Ел жүрегі - Астана" атты елордасының жиырма жылдығына арналған мерекелік мәдени іс-шаралардың басы болатыны хабарланып отыр.
Сонымен бірге, бұл "Астана балет" театрының америкалық сахнадағы алғашқы қойылымдары емес. Бұдан үш жыл бұрын театрдың хореографиялық ұжымны қазақстандық балеттің барын көрсеткен.
"Нью-Йорктегі гастрольге репертуарымыздағы ең үздік қойылымдарды таңдадық - "Ұлы Дала мұрасы" атты хореографиялық миниатюралар мен балет үзінділерінен құралған ұлттық бағдарлама; Алтынай Асылмұратова қойған "Щелкунчик" балетінен па-де-де; "Divercity" және "A fuego lento" атты неоклассикалық балеттердің үзінділері, бельгиялық хореограф Р.Амарантенің "Love Fear Loss" атты бір актілі балеті", - дейді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.
Айта кетейік, "Астана Балет" театры Мәскеу мен Санкт-Петербор, Бейжің, Париж, Вена, Сеул, Будапешт, Баку, Минск, Варшава, Брюссель қалаларының әйгілі сахналарында өнер көрсеткен.