"Астана Опера" балетінің бишісі Әйгерім Бекетаеваға Ресейдің халық әртісі Борис Эйфман оның труппасымен бірге Будапешт пен Лондонға гастрольдік сапарға бірге баруға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет театрының директоры Борис Эйфман "Астана Опера" театры Маринский театрына гастрольдік сапармен барған кезде шала-жансар аққудың рөлін ойнаған Айгерім Бекетаеваның кәсіби деңгейіне тәнті болған. Бұған дейін Ресейдің халық әртісі театр труппасымен "Роден" балетінің премьерасын жасаған болатын. Онда Әйгерім Камила Клодель рөлін ойнаған еді. Жас биші осы рөлімен еуропа театрларында өнер көрсетпек.
Балет бишісі Әйгерім Бекетаева өзі үшін жаңа эйфман жанрын ашқанын айтады. Ендігі уақытта ол өзін осы жанрда жаңа қырынан танытуға тырыспақ. "Мен өз кейіпкерімнің сезімін, эмоциясын жақсы түсіну үшін ол туралы біраз кітаптар оқыдым, фильмдер көрдім. Қысқасы, біраз еңбектендім. Маған дейін бұл рөлді ойнаған қыздар сахнадан кейіпкердің шынайы бейнесін бере алу үшін психиатриялық ауруханаға да барған көрінеді", – дейді биші.
Әйгерім Бекетаева Алматыдағы Селезнев атындағы хореаграфиялық училищенің түлегі. Ол 2012 жылы Варнада өткен Рудольф Нуриев атындағы халықаралық балет әртістері байқауының лауреаты, Мәскеуде өткен XII халықаралық балет әртістері және хореографтары байқауының дипломаты.