Бүгін Астанада "Алтын домбыра" фестивалі аясында "Мәңгілік Ел – мұратым" атты республикалық ақындар айтысы басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Астанада "Алтын домбыра" фестивалі аясында "Мәңгілік Ел – мұратым" атты республикалық ақындар айтысы басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы Конгресс-холл сарайында ақындар айтысы "Нұр Отан" партиясының тікелей қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Бұл – жыл сайын Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өтіп келе жатқан республикалық дәстүрлі айтыс. Айтысты айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағының басқарма төрағасы, қоғам қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізеді.
Ал ақында айтысына төрелік ететін қазылар құрамында белгілі түркітанушы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қорқыт ата ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" орденінің иегері Асанәлі Әшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазықызы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, жырау Бекболат Тілеухан, саяси-қоғамдық "Ара" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылыр одағы сатира кеңесінің төрағасы Көпен Әмірбек, "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев және айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек сынды көпшілікке танымал тұлғалар бар. Сондай-ақ айтысқа "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те келді.
Бүгінгі айтыс 11 жұп арасында өтіп жатыр. Ал финал – 6 желтоқсанда, яғни ертең "Алтын домбыра" иегері анықталады.