02 наурыз 2014 10:18

Астанада эксклюзивті бетперделердің көрмесі өтуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: astana.gov.kz Сурет: astana.gov.kz

Оқушылар сарайында әлемдегі жалғыз бетперде коллекциялары саналатын WEOM - World Exhibition of masks эксклюзивті көрмесі ашылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. Көрмеде әлемнің көптеген елдерінің жеке коллекционерлері жинаған 371 бетперде қойылған. "Біз бұл шараны адамдар басқа елдердің де тарихын біліп жүру мақсатында ұйымдастырдық. 2017 жылы Астанаға көптеген елдердің өкілдері мен түрлі ұлт өкілдері келетін болады. Сондықтан да біз олардың алдымен барлық елдердің тарихын біліп алғанын қалаймыз. Бұл жастарымыздың мәдениеттілігін арттыруға көмектеседі, мәдени құндылықтарды бағалауға жол ашады", - дейді жобаның бас директоры Йохан Флайер Оның айтуынша, бұл бетперделердің әлемде еш бір көшірмесі жоқ. Көрмеде Венеция, Қытай, Италия, батыс Африка мемлекеттерінің, Үндістан және басқа көптеген елдердің бетперделері қойылған. Айта кетейік, ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, бұл көрме әлемді шарлауын Астанадан бастайды. Одан кейін Ресей, Украина, Беларуссия, Қытай, Германия, Франция, Италия, және АҚШ сынды елдерің ірі қалаларында жалғасын табады. Көрме 14 наурызға дейін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети