18 ақпан 2014 17:07

Астанада классикалық романс кеші өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрермендер опера әншілерінің орындауында романстар тыңдай алады. ©astanaopera.kz Көрермендер опера әншілерінің орындауында романстар тыңдай алады. ©astanaopera.kz

"Астана Опера" театрының камералық залында 19 ақпан күні "Орыс классикалық романсы" атты концерт өтеді, деп хабарлайды, Tengrinews.kz. Романс жанрының қалыптасуына XIX ғасырдың бірінші жартысындағы романтизмнің ықпалы зор. Кейіннен бұл жанрдың өзі тағы бірнешеге бөлінді. Айталық, салондық, қатігез романс болып бөлінеді. Орыс романсының "алтын ғасыры" XIX-XX ғасыр. Концертте қазақстандық концертмейстер Долорес Үмбеталиева өзі біраз жыл бірге жұмыс істеп келе жатқан опера солистерін таныстырмақ. Кеш бағдарламасы Чайковский, Рахманинов романстарына арналмақ. Романстарды Медет Шотабаев, Талғат Мұсабаев, Дина Хамзина, Жұпар Ғабдулина, Болат Есімханов, Жан Тапин, Азамат Жылтыркөзов сынды өнер иелері орындайды. Чайковский мен Рахманинов орыс романстарын мүлде басқа формада толықтыра түскен еді. Олардың әкелген формасы романстардағы үзіліс, ырғақ, штрихымен ерекше. Осы тұрғыдан аталған сазгерлер өз заманында жоғары талғамды музыкалық шығармалар тудырды. Опералық топтың көркемдік жетекшісі Гюзель Хайбулинаның айтуынша, көрермендер тек кәсіби опералық әншілердің ғана қабілеті жететін романстар тыңдай алады. Коцерттің басталуы сағат 19.30-да, билет бағасы 3000 теңге. TengrinewsTV романс кешін онлайн трансляцияда көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети