Астанада "Қымызмұрындық" халықаралық этнографиялық фестивалі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Қымызмұрындық" халықаралық этнографиялық фестивалі өтеді © astana.gov.kz

Елордада 5 және 6 шілдеде алғаш рет қымызға арналған "Қымызмұрындық" халықаралық этнографиялық фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада 5 және 6 шілдеде алғаш рет қымызға арналған "Қымызмұрындық" халықаралық этнографиялық фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, қалада 1992 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан бүгінгі этнографиялық мерекенің тақырыбы - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен "ЭКСПО-2017".

Сонымен қатар, Астана күніне орай бірнеше күн бойы ұлттық нақышта безендірілген 10 киіз үй тігіледі. Мол дастархан жайылып, көпшілікке ұлттық тағамдар - құрт, бауырсақ, жент, ірімшік, шұбат пен қымыз ұсынылады. Ал кіреберісте қолданбалы өнер көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылады. Фестивальдің ашылуында қымызды мадақтауға арналған театрландырылған қойылым, қатысушылар шеруі, би мен айтыс өтеді. Шараға келушілер фестивальде қымыз туралы білімін тексеріп, қымыз ішуден жарысып, армрестлинг, арқан тарту және тағы басқа сайыстарда күш сынасады.

Сонымен қатар, мереке күндері "Алтын дала дауысы" бүкілресейлік байқауының лауреаты, қалмақтың созылыңқы әндерін орындаушы Эврена Оргаева, нағыз алтай хомусында ойнайтын Игнатьев Виктор Викторович Астанаға арнайы келеді.

Айта кетейік, фестиваль қымыз жасау мен өндіру, қолданбалы қолөнер бойынша жас дарынды шеберлер, суретшілер мен модельерлер үшін жақсы алаңға айналып, өзін-өзі таныстыруға мүмкіндік береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети