Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано) Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (меццо-сопрано) Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор) Медет Шотабаев, Арменияның Халық әртісі (бас) Барсег Туманян, "Астана Опера" театрының хоры мен симфониялық оркестрі және де дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов бастаған топ Джоаккино Россинидің "Салтанатты месса" туындысын орйындайды

Еуропаның ең атақты әрі табысты опера композиторларыны ң бірі, 40-тан аса опера жазған Джоаккино Россинидің шығармаларының ішінде "Шағын салтанатты месса" туындысының шоқтығы биік. Оны композитор опера жолындағы қызметін аяқтағаннан кейін жазған. "Шағын салтанатты месса" - кемеңгердің оқиғаға толы өмірі мен шығармашылығының қорытындысы.
"Шағын салтанатты месса" туындысының атауы оның көлеміне байланысты емес, бастапқы сүйемелдеуші шағын құрамға - фортепиано мен органға, дәлірек айтқанда гармониумға қатысты (дыбысы фисгормонияға жақын аспап). Мұндай сүйемелдеу автор тарапынан өте дұрыс таңдалған, өйткені оркестр Россинидің ұмытуға тырысқан опера стилін қатты байқатады. "Шағын салтанатты месса" - ерекше жарқын, мөлдір туынды. Классикалық музыка бағалаушылары мессада таңдандыратын опера әуендері мен хор нөмірлерінің айрықша үйлесіміне тәнті болады.