Астанада Ұлттық тарих мұражайы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Ұлттық тарих мұражайы ашылды ©Тұрар Қазанғапов

Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұлттық тарих мұражайы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұлттық тарих мұражайы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, бұл - Орталық Азия аумғында теңдесі жоқ жаңа жоба. 74 мың шаршы метр ауданда Қазақстанның археологиялық, этнографиялық және тағы басқа тарихи-мәдени ескерткіштері жинақталған. Мұражай бірнеше залдан тұрады. Астана, Тәуелсіз Қазақстан, ежелгі және орта ғасырлық тарих, этнография мен қазіргі өнер залдарында көне тарихтан бастап осы күнге дейінгі тарихпен танысуға болады. Ол үшін заманауи техниканың түр-түрі - медиа-экрандар, голограммалар, LED-құрылғылар, сенсорлық жабдықтар мен мультимедиялық гид орнатылған. 

"Баршаңызды алдағы Астана күнімен құттықтаймын! Біздің бас қаламыздың құрылғанына 16 жыл толды. Ол кәмелеттік жасқа әлі жеткен жоқ. Соған қарамастан, қазірдің өзінде бүкіл әлемге танылып үлгерді. Оны жақсы білесіздер. Жыл сайын қала күніне орай сан алуан сыйлықтар жасалады. Ұлттық тарих мұражайы сол сыйлықтардың бірі болса керек. Бұл - сәулет өнерінің шедеврі. Оның керемет формасы мен өзгешелігі қала ландшафтын керемет толықтырып отыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев мұражайдың ашылу салтанатында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети