Астананың Мәскеудегі мәдениет күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында гала-концерт өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың Мәскеудегі мәдениет күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында гала-концерт өтті © astana.gov.kz

Астананың Мәскеудегі мәдениет күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында қазақстандық эстрада жұлдыздарының, би және фольклорлық ұжымдардың қатысуымен гала-концерт өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың Мәскеудегі мәдениет күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында қазақстандық эстрада жұлдыздарының, би және фольклорлық ұжымдардың қатысуымен гала-концерт өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Музыкалық кеш барысында Астана әкімі Әсет Исекешев пен Мәскеу Үкіметінің министрі, қалалық сыртқы экономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин сөз сөйледі.

Әсет Исекешевтің айтуынша, Астананың Мәскеудегі мәдениет күндері аясында бірқатар мәдени, спорттық, экономикалық шаралар өтіп жатыр. ХШЖК алаңдарының бірінде этноауыл ашылды, онда қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысуға болады.

"Астана мен Мәскеу - бауырлас қалалар, сондай-ақ, екі дос мемлекет - Қазақстан мен Ресейдің астаналары. Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің саясатының, сондай-ақ халықтар достығының арқасында біздің мемлекеттер - еуразиялық интеграция және басқа да бірлестіктер бойынша серіктестер, екі елдің арасындағы қарым-қатынас пен байланыс жылдан жылға нығайып келеді. Бүгінгі гала-концертке келгендеріңіз үшін рахмет. Мәдениет екі елді байланыстырады және өзара қарым-қатынасты одан әрі күшейтуге негіз болады", - деді Астана әкімі.

Сонымен қатар, Әсет Исекешев биыл қазан айында Астанада мемлекет басшыларының, үкімет мүшелерінің және аймақ басшыларының қатысуымен аймақаралық ынтымақтастық форумы, сондай-ақ, ресейлік кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форум өтетінін атап өтті. Елорда басшысы мәскеуліктерді және ресейліктерді "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне шақырды.

Сергей Черемин өз сөзінде Астананың мәскеуліктерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлағанын жеткізді.

"Стратегиялық серіктесіміз Қазақстанмен экономикалық және сауда қатынастары біз үшін аса маңызды, экономикалық тұрғыдан ол жиырма жылдан бері басты әріптесіміздің бірі болып табылады. Біз бұл достық пен қолдауды бағалаймыз және әріптестерімізбен тәжірибемен бөлісуге тырысамыз", - деді Сергей Черемин. 

Кеш барысында сахна төрінде ҚР халық әртістері Әлібек Дінішев, Айман Мұсақожаева, Роза Рымбаева, танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы өнер көрсетті. Мәскеу тұрғындары мен қонақтары "Музарт", "Формат", "Ринго", Бүркіт пен Аиша дуэтінің шығармашылығымен танысты. "Наз" мемлекеттік би театры, "Шалқыма" халық биі ансамблі, Астана қаласы мемлекеттік фтлармониясының қазақ халық аспаптары оркестрі мен "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрі, "Тұран" эстрадалық-фольклорлық ансамблі және "Серпер" домбырашылар ансамблі қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Атақты "А-Студио" тобы да өз өнерін ортаға салды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети