"Тамаша" театрының әртісі Асылбек Боранбаев жеке театр ашпақ. Бұл туралы әртіс 31 арнаға берген сұхбатында айтты.
"Тамаша" театрының әртісі Асылбек Боранбаев жеке театр ашпақ. Бұл туралы әртіс 31 арнаға берген сұхбатында айтты.
"Тамаша" театрынан "Бауыржан шоу", "Терісқақпай", "Аққу мен Гәкку" сияқты көптеген жаңа театрлар шықты. Бұл да бір тамашаның баласы болсын деген ниетпен театрды "Тамаша тарту" деп атадым", - деді Асылбек Боранбаев.
Актердің айтуынша, жаңа театрдың "Тамашадан" ерекшелігі - театр әзілдерінің түрлі жанрды қамтитынында. Театрдың ашылу салтанаты 2 мамыр күні Алматы қаласындағы Студенттер сарайында өтеді. Кеште қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары өнер көрсетеді деп жоспарланды.
Айта кетейік, Асылбек Боранбаев "Тамаша" театрында 22 жыл қызмет еткен. Театрдың негізін салушы Лұқпан Есенов өмірден өткеннен кейін театрдың көркемдік жетекшісі әрі режиссері қызметін атқарған.