Атырауда Рахымжан Отарбаевтың шығармасы сахналанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда Рахымжан Отарбаевтың шығармасы сахналанды

Атырау қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында БАҚ өкілдерінің қатысуымен "Жалғыздық" шығармасының премьерасы өтті. Премьераны тамашалауға БАҚ өкілдерімен қатар, жазушының жары Сәуле Отарбаева қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Қойылым Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі аясында сахналанды. Қоюшы режиссері - Махамбет атындағы облыстық драма театрының Бас режиссері Мұқанғали Томанов. Оның айтуынша, Отарбаевтың "Жалғыздық" әңгімесінің жазылу стилі өзгеше, терең дүние.

"Қойылымда В.Высоцкий әндері пайдаланылады. Мұнда сөзі аз болғанымен иірімдері жетерлік. Қойылымның ерекшелігі - жан дауасын іздеп келетін жолаушыны қарсы алатын топтасқан "Адамдар" легінде. Ал, өзектілігі - бес күндік жалған ғұмырдың әр сәтін бағалай білуде", - дейді Мұқанғали Томанов.

Айта кетейік, 18-22 қараша аралығында Атырау қаласында Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтеді. Фестивалге еліміздің 9 театр ұжымы қатысады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети