Айгүл Иманбаева Майғазиевтің жұрттан жасырып келген құпиясын жайып салды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Айгүл Иманбаева Майғазиевтің жұрттан жасырып келген құпиясын жайып салды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, бүгінде консерваторияда сабақ беріп, шәкірт тәрбиелеп жүрген Сәкен Майғазиев бір кездері Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген екен. Көп адам біле бермейтін бұл құпияны Айгүл Иманбаева ашты.
"Сәкен Майғазиев біздің театрда актер болып жұмыс істеген болатын. Қыз Жібек қойылымында Төлегеннің інісі Сансызбайдың рөлін сомдайтын. Ал мен Қыз Жібекті ойнайтынмын. Бірақ Төлегеннің барлық ариясын сахна сыртында тұрып Сәкен айтатын. Одан бері көп жыл да өтіп кетіпті", - деді Айгүл Иманбаева.
© Instagram.com/aigul_imanbaeva
Мұны естіген әншінің тыңдармандары қатты таңғалды. Себебі, олар әншінің инстаграм желісіндегі парақшасын жіті бақылап отырса да, бұл қыры туралы білмеген-ді.
Желі қолданушылары "Мәссаған, Сәкен ағаның театрда ойнағанын білмеген екенмін", "Өзі қандай арық болған", "Сәкен сөзсіз талант иесі", "Сәкеннің театрда жұмыс істегенін білмеппін. Нағыз сегіз қырлы, бір сырлы жігіт екен. Архивіңе рахмет, Айгүл!", "Дулыға Ақмолдаевқа ұқсап қалыпты" сынды пікірлер білдірген. Мұнымен қатар, өнер иелерінің ойына келгендерін жасайтынын айтып қатаң сынағандар да болды.