20 қазан 2014 | 18:41

Берік Айтжанов EXPO-2017 туралы мультфильмнің кейіпкерін дыбыстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Берік Айтжанов. ©Ярослав Радловский Актер Берік Айтжанов. ©Ярослав Радловский

Берік Айтжанов EXPO-2017 туралы мультфильмнің кейіпкерін дыбыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Берік Айтжанов EXPO-2017 туралы мультфильмнің кейіпкерін дыбыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жаңа мультипликациялық жобаның жай-жапсары туралы "Астана EXPO-2017 ҰК" АҚ маркетинг және даму департаментінің директоры Әсел Қожақова айтты. Мультфильм қазақстандық телеарналардың бірінде қазан айында эфирге шығады. Мультипликациялық фильмнің жұмыс атауы әзірше "Ғажаптар көрмесі".

"Мультфильм үшінші сыныптың қарапайым оқушыларының EXPO-қалашықтағы ерекше оқиғасы жайлы. Басты кейіпкерлері - Арман, Әлия және Жомарт болашақ қаланың барлық павильонына саяхат жасап, көрме кешені, оның құрысылында қолданылған инфрақұрылымдары мен жаңа технологиялары жайлы айтып береді. Кейіпкерлерді қалашықта адам сенгісіз саяхат пен түрлі мәдениет өкілдерімен танысу күтіп тұр, сонымен бірге олар күрделі сынақтан өтеді, оның нәтижесінде олар біздің ғаламшарымыз бен табиғатты аялаудың маңызын түсінеді", - деді Қожақова.

Жоба жұмысы барысында EXPO "Бүкіл әлем" жасалды, көрме павильондарының интерьерлері мен экстерьерлері құрастырылды. Хикая Motion Capture технологиясының қолданылуымен 3D-анимация форматында жасалып жатыр. Бұл іс-қиымылды түсіріп алу және сандық көлемге айналдыру жүйесі, мұның арқасында актердің қозғалысын жазып алып, оны кейіпкерге ауыстыруға мүмкіндік болады.

Мультфильм жасауға балалар қатысты, олар кейіпкерлерді "тірілтетін" болады, оларға қозғалыс пен дауыс береді. Мультфильмнің бірінші сериясын жасауға үш жас актер қатысып жатыр, олар өзгеше түрде өтіп жатқан кастингтен өткен. Үміткерлер кастингте пантомима көрсетуі керек болды. Таңдауда басты фактор ойды сөзсіз жеткізу ғана емес, сонымен қатар актерлердің комплекциясы мен пропорциялары да рөл ойнаған. Кастингтен өткен балалар өздері сомдайтын кейіпкерлерге эмоционалдық жағынан да, тіпті кейбір мінез қылықтарымен де ұқсас.    

"Мультфильм жасауда танымал "үлкен" актерлер де дыбыстауға қатысты: Берік Айтжанов, Күнсұлу Шаяхметова және Динара Әбікеева. Мультфильм өндірісімен қазақстандық Kazakhstan Computer Graphics студиясы айналысып жатыр", - деді компания өкілі.

Әр серияның хронометражы - 7 минут, мұндай формат текке таңдалған жоқ. 2014 жылдың соңына дейін мултьфильмнің 3 сериясын шығару жоспарланған. Қожақованың айтуынша, мультипликациялық сериал 5-12 жас арасындағы балалар аудиториясына арналған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети