10 наурыз 2014 14:08

"Біржан - Сара" Мариин театрында алғаш рет қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Біржан - Сара" операсы. ©"Астана-Опера" "Біржан - Сара" операсы. ©"Астана-Опера"

Қазақ операсының жауһары - Мұқан Төлебаевтың "Біржан - Сарасы" Санкт-Петербургтегі Мариин театрының екінші сахнасында қойылады деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана-Опера" театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Біржан - Сара" тұңғыш рет 1946 жылдың 7 қарашасында (кейбір деректерде 7 қазанда) Алматыдағы қазіргі Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылған. Біржан мен Сара партияларын Әнуар Үмбетбаев пен Күләш Байсейітова орындады. Қойылым 1948 жылы Ресейде, Мәскеудегі шығармашылық күштердің сынағында алғаш рет таныстырылды. Енді Біржан партиясын орындаушы, Мариин театрының солисі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Ахмед Ағади 10 наурызда Қазақстан мен Татарстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұржамал Үсенбаевамен жұп болып өнер көрсетеді. Лирикалық-драмалық шығарманың дәстүрлі нұсқасы (Қажым Жұмалиевтің либреттосы) қазақтың қос талантты ақыны, әнші, жыршы Біржан мен Сара арасындағы рух пен сүйіспеншілік күші жайлы баяндайды, сондай-ақ, әлді мен дәулеттінің жүгенсіздігі жайлы сыр шертеді. Сахналық қойылым шығармашылық еркіндік пен сүю құқығын дәріптейді. Операның ақырғы көрінісі - Біржанның өлімі. Ал Ресейдің халық әртісі Юрий Александров операға өзінше өң берген. Мариин театрының режиссері Біржанның көрерменнің көз алдындағы өлімінен бас тартып, ол көріністі ақынның халыққа деген ықыласқа, жарқын келешек жайлы арманға толы әндерімен алмастырады. Қоюшы режиссер қазіргі ұрпаққа ең алдымен жеке бас драмасы мен мәңгілік махаббат идеясын жеткізуді мақсат еткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети