Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасқа толды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасқа толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасқа толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабиба Қарақбайқызы Елебекова 1916 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылында қарапайым отбасында дүниеге кел­ген. Театр өнері майталмандарының бірі қазақтың басынан өткен небір нәубет жылдарды өз көзіммен көрген жандардың бірі.

Мұхтар Әуезовтің "Абай" драмасындағы Қаныкей бейнесін сексенге келген­ше сомдап, 55 жыл сахнадан түсір­меді. Сонымен қатар, Гогольдің "Ревизорындағы" Пошлепкина тәрізді жағымсыз кейіпкер ролін 37 жыл бойы көрерменге ұсынып, 95 жасында сахнамен қоштасты. Ол театр өнерінде 70 жылдан аса қызмет еткен.

100 жасқа келген кейуана әйгілі әнші Жүсіпбек Елебековтің жары. Бүгінге дейін жұбайы туралы туралы бірнеше кітап та жазған. Сондай-ақ, мәдениет саласының үздігі 100 жасында "Қазақфильм" киностудиясынан киноға түсуге шақырту алған. "Театрға17 жасымда келдім. Театр - менің қарашаңырағым", - деген еді актриса "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында

Айта кетейік, әйгілі актриса қазақ театры тарихында ғасырлық мерейтойын тойлап отырған алғашқы адам екен. Әуезов театрының 90 жылдығы Елебекованың мерейтойымен тұспа-тұс келгендіктен дәстүрлі түрде өтетін "Театр көктемі" фестивалі Хабиба Елебекованың мерейтойына арналыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro