Даун синдромы, аутизм, сал ауруы. Түрлі дертке шалдыққан актерлер Астанада өнер көрсетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Назарбаев Университетінің кинозалында ерекше күтімді қажет ететін жас актерлер "Сұлу қыз бен құбыжық" спектаклін қойды, - деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Назарбаев Университетінің кинозалында ерекше күтімді қажет ететін жас актерлер "Сұлу қыз бен құбыжық" спектаклін қойды, - деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Көптеген музыкалық нөмірге негізделген спектакль Дисней ертегісінің 40 минуттық нұсқасы бойынша қойылған. Онда даун синдромы, ақыл-ойдың артта қалуы, церебральды сал аурулары, аутизм спектрінің бұзылуы сынды диагнозы бар 25 жасөспірім актер өнер көрсетті. Жас актерлерге еріктілер - оқушылар, студенттер және жас мамандар қол ұшын берді. 

"Сахнада 50 адам өнер көрсетті. Сахнадан тыс балалардың киімін ауыстыру, бояндыру, сурет пен бейнетаспаға түсіру, дыбыс және жарықпен жұмыс істеуге 25-тен астам ерікті көмектесті. Спектакльге 300-ден астам көрермен жиналды. Мұндай қызығушылық танытады деп күткен жоқпыз. Музыкалық кеш өте жарқын әрі әсерлі болды. Ал спектакльден кейін актерлерден қолтаңба алу үшін көрермендер кезекке тұрды", - деді ұйымдастырушылар.


© astana.gov.kz

Әкімдіктегілердің айтуынша, "KИT" инклюзивті мектебінің ашылғанына бір жылдан асты. Аз уақытта олар екі жобаны - инклюзивті театр және кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асырып үлгерді. Инклюзивті театр Астанада қазірдің өзінде екі музыкалық қойылымын ұсынды. Келер жылы гастрольдік сапарларға шығуды жоспарлап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.68  course down  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro