26 маусым 2017 | 15:14

Димаш Құдайберген Астанада Ақтөбе облысының күндерін ашады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған Ақтөбе облысының күндері басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған Ақтөбе облысының күндері басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

26 маусымнан 30 маусымға дейін бес күн бойы елорда тұрғындары мен қонақтарын жарқын және қызықты бағдарламалар күтеді.

Бүгін кешкі сағат сегізде ЭКСПО көрмесі алаңының амфитеатр сахнасында "Ақтөбе - құтты мекен" гала концерті өтеді. Мерекелік бағдарламаның басты жұлдызы - I am a Singer халықаралық байқауының финалисі Димаш Құдайберген болмақ. Астаналықтар оның әдемі даусын тыңдап, өңірдің шығармашылық ұжымының концерттік нөмірлерін тамашалай алады.

Бұдан өзге, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, сонымен қатар тазы және төбет иттердің көрмесін, қазақ күресі мен тоғыз құмалақтан ашық турнирлер өткізу жоспарланған.

ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 29 маусымда "Қазанат" ипподромында көкпар, аламан бәйге (қашықтығы 21 шақырым), құнан бәйге (қашықтығы 7 шақырым) жарыстары өтеді.

Ат жарыстары арасындағы үзіліс кезінде "шабандоздық", "теңге алу", "жамбы ату", "қыз қуу" бойынша үлгі көрсетілімдер болады. 

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer