Димаш Құдайберген Байденді ұлықтау апталығының ашылуында өнер көрсетті - видео

viewings icon 482 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Кадр из видео ©Кадр из видео

АҚШ-та жаңадан сайланған президент Джо Байденді ұлықтау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақтың халық әні "Самал тауды" орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та жаңадан сайланған президент Джо Байденді ұлықтау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақтың халық әні "Самал тауды" орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы - Sister Cities International ұйымы өткізді. Коронавирус пандемиясына байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті.

Тарихта алғаш рет Sister Cities International және АҚШ президентін ұлықтау мерекесі апталығына қазақстандық әртіс қатысты.

Димаш SCI өкілдерінің ұсынысына алғысын білдірді.

Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала өз кезегінде қазақстандық орындаушының шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті. Мұның бәрі президент Эйзенхауэрдің елдер арасында бейбіт қарым-қатынас орнату туралы көзқарасының ажырамас бөлігі.

Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі. Олардың ішінде: губернатор Билл Аноабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз оркестрі, Кэрол Робертсон Лопез және басқалары бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
23°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю