Димаш Құдайберген Джеки Чанның кинофестивалінде қонақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Димаш Құдайберген Джеки Чанның кинофестивалінде қонақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Орындаушы іс-шараның афишасын жүктеп қойды.
Димаш Құдайберген қытайлық Датун қаласында Джеки Чанның бесінші халықаралық экшн-фильмдер апталығының ашылу рәсіміне қатысады.
"See you tomorrow (ертең көріскенше)", - деп жазды ол.
Танымал қытайлық актер Джеки Чанның экшн-фильмдер апталығы 21-27 шілде аралығында болады.
Еске салсақ, 2018 жылдың 20 желтоқсанында Димаш Құдайберген әлемге әйгілі қытай актері, режиссер, каскадер, әнші Джеки Чанмен кездескен еді.