Елордалық филармония Арқаның дәстүрлі музыкасын жаңғыртады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

2 қыркүйек күні Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының солистері, "Сарыарқа" фольклорлық ансамблі, Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті Мүгілсін Ахметқызының (Аққыз) 125 жылдығы мен Мағауия Хамзиннің 95 жылдығына арналған "Көкейкесті" кешін ұсынады. Концерт "Астана Опера" театрының камералық залында өтеді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2 қыркүйек күні Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының солистері, "Сарыарқа" фольклорлық ансамблі, Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті Мүгілсін Ахметқызының (Аққыз) 125 жылдығы мен Мағауия Хамзиннің 95 жылдығына арналған "Көкейкесті" кешін ұсынады. Концерт "Астана Опера" театрының камералық залында өтеді.

Аққыз деген атпен танымал Мүгілсін Ахметқызы (1897−1987) қазақтың аты аңызға айналған домбырашысы әрі әншісі. Оның "Қосбасар", "Саржайлау", "Бестөре" сынды Тәттімбет күйлерін орындауы тыңдармандарға өшпес әсер қалдырды. Мүгілсін Ахметқызы "Қайран елім", "Аққыз", "Қосбасар" және басқа да тамаша күйлерді жалғастырушы ретінде Қазақстан композиторларының шығармашылығына орасан зор үлес қосты. Оның шәкірттерінің ішінде Мағауия Хамзин (1927−2000) Қазақстанның Халық әртісі, ең мықты домбырашы, композитор, күйші.

"Күй ғұмыр" кешінің бағдарламасында Аққыз бен Мағауия Хамзиннің – "Қосбасар", "Жетім қыз", "Қайран елім", "Ғарышкерлер вальсі", "Белгісіз солдат", "Жайлау" сынды шығармалары бар.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаевтың жетекшілігімен: Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің өнері кештің ерекше көркі болмақ. Филармония күйшілері Арман Жайымов пен Қуат Шілдебаевтың заманауи интерпретациясында Тәттімбет пен Төлеген Момбеков күйлерін орындайды.

"Сарыарқа" ансамблінің көркемдік жетекшісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Тоғжан Жахинмен қазақтың дәстүрлі музыкасының тарихы, оның сақталып, дамып келе жатқаны жайында әңгімелескен едік. Бұл үдерісте ол басқаратын ұжым маңызды рөл атқарады – XXV концерттік маусымда "Сарыарқа" ансамблі халық өнерін паш етіп, халыққа кеңінен насихаттауда.

"Екі ұлы тұлғаны бір концертте біріктіргеніміз бекер емес еді, өйткені Аққыз Мағауия Хамзиннің тәлімгері. Ал екеуі де "Арқа" орындаушылық домбыра мектебінің мұрагерлері, шертпе дәстүрін жалғастырушылар. Екі күйші де репертуарын өздері шығарған күйлермен толтырды. Концертте "Сарыарқа" ансамблінің орындауында Аққыз бен Мағауия Хамзиннің күйлері мен шертпе дәстүрінің жарқын солистері – Жанғали Жүзбаев, Қайрат Айтбаев, Марат Нөкеев, Ерболат Сапуанов, Амангелді Сәдуов, Рүстем Нүркенов өнер көрсетеді. Сондай-ақ кеште арнайы шақырылған қонақтар – Аққыздың шәкірті Қалкен Қасымов пен күйші, Аққыз күйлерін орындаушы Болат Тәкішев өнер көрсетеді".

Жахиннің айтуынша, ХХ ғасыр қазақ күйлері үшін қиын кездер болды. Арқаның көптеген өкілдері қуғын-сүргін, ашаршылық, соғыс өртінде қырылды.

"Сембек, Тәттімбет секілді күйшілер кетіп қалды. Сондықтан, Аққыз Арқа күйлердің мұрагері болып қалады. Дина шешеміз Құрманғазының күйлерін жеткізген болса, Аққыз Тәттімбеттің мектебін жеткізді. Ал, Мағауия Хамзинмен біріктірген себебіміз Мағауия Аққыздың шәкірті, содан кейін ол өзінің орындаушылық стилін қалыптастырушысы. Бұрынғы күйшілер нотамен емес, құйма құлақ арқылы үйренген еді. Сол кезде құйма құлақ күй ойнаған кезде, 100 % орындау мүмкін емес, 70% орындай алады. Сондықтан, өзінің табиғатымен, саусақтарының ерекшелігімен өзіндік бір стиль калыптастырады. Тарихтан білеміз, Құрманғазының стилін Дина жалғастырса, Динаның өзінің бөлек мектебі бар. Сол секілді, Аққыз да өз мектебін қалыптастырды".

Қазақтың дәстүрлі музыкасының жаңа мектебінің қарқын алып, қанат жайып келе жатқаны – Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының "Сарыарқа" фольклорлық ансамблі сияқты өнерсүйер қауымның арқасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.69  course up  612.05  course up  6.75  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer