28 наурыз 2014 18:34

"Еңлікгүл-2014" сыйлығы кімдерге бұйырды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Еңлікгүл-2014" сыйлығы табысталды "Еңлікгүл-2014" сыйлығы табысталды

Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 27 наурызында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Халықаралық театр күніне орай "Еңлікгүл-2014" Театр өнерінің кәсіби сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz


Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 27 наурызында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Халықаралық театр күніне орай "Еңлікгүл-2014" Театр өнерінің кәсіби сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Республикалық деңгейде өткізілген бұл салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы қаласы әкімшілігінің, аталмыш салтанаттың бас демеушісі «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның өкілдері мен республикалық театрлардың көркемдік жетекшілері мен директорлары, Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мүшелері қатысты. Кеште қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Сонымен қазылардың шешімімен жеңімпаздар белгілі болды.

"Жылдың ең үздік актері" номинациясын М.Әуезов атындағы Қазақ мемелекеттік академиялық драма театрының актері Азамат Сатыбалды жеңіп алды. "Жыл актрисасы" Ақмола облыстық драма театрының актрисасы Людмила Скуратова-Недзельская атанды.

"Жыл режиссері" атағын Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрының режиссері Оксана Малушева иеленді.

М.Әуезов атындағы театрдың ардагер анасы 99 жастағы Хабиба Елебекова "Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін" сыйлығымен марапатталды.

"Жылдың опералық (оперетта), балеттік партиясы" үздігі деп Қарағанды облыстық музыкалық-комедиялық драма театрының орындаушысы Амантай Ибраев танылса, "Балаларға арналған спектакльдегі жылдың шығармашылық жұмысы" (қуыршақ, балалар және жасөспірімдерге арналған қойылымдар) номинациясы бойынша Н.Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Юрий Гнусарев үздік атанды.

"Жылдың театр суретшісі" номинациясына Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай театрының суретшісі Бақыт Срайылов лайық деп табылды.

Ынталандыру сыйлықтарының иегерлері:
"Жыл драматургы" – Ахметжан Аширов. 
"Жылдың театртанушысының мақаласы" – Айжан Ахмет, театртанушы.
"Жылдың театр менеджері" – Қостанай Орыс драма театрының директоры Юрий Ивлев.
"Жылдың музыкалық көркемдеушісі" – Георгий Юн, Республикалық музыкалық Кәріс театры.  
"Жылдың суретші-гримері" – Айжан Әлжанова, Ж.Шанин атындағы ОҚО драма театры.

Сондай-ақ көптеген театр актерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети