EXPO-2017 ғимараттары көрмеден соң театрларға берілуі мүмкін. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі осындай ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
EXPO-2017 ғимараттары көрмеден соң театрларға берілуі мүмкін. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі осындай ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2017 жылы халықаралық көрме өткізіледі. Біз бірнеше ұсыныс айттық: EXPO өткізуден босаған ғимараттарды мәдениет саласына беруді сұраймыз. Конгресс-Холл, амфитеатр сияқты ғимараттар және EXPO өткізуден кейін бізге қалатын ғимараттар салынып жатыр, егер ол нысандарды біздің салаға аударатын болсақ, онда Қуанышбаев атындағы, Чехов атындағы театрларды сол ғимараттарға ауыстырар едік", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Парламент Мәжілісіндегі үкіметтік сағат барысында депутаттардың сауалына жауап беріп. Министр Қуанышбаев атындағы қазақ музыка-драма театрының қазіргі уақытта босаған Байсейітова атындағы театр ғимаратына көшетінін айтты.
Дегенмен мұндай жауап депутаттарға ұнамады. Олар Астанада қазақ драма театрына ең соңынан көңіл бөлінуіне наразылық білдірді.
Министр театрлардың жергілікті атқарушы органдардың қарамағында екенін айтты. "Егер олар Мәдениет және спорт министрлігінің қарауында болса, бұл театрға жеке ғимарат тұрғызыла ма, жоқ па, оны нақты айтуға болады", - деді министр.