18 қазан 2016 12:09

Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың 70 жылдығына және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған конференция өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен театрдың 70 жылдық тарихына арналған драматург-авторлар, театртанушы, өнертанушы ғалымдардың қатысуымен "Жастар театрының бүгіні мен болашағы" атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен театрдың 70 жылдық тарихына арналған драматург-авторлар, театртанушы, өнертанушы ғалымдардың қатысуымен "Жастар театрының бүгіні мен болашағы" атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс-шараның келесі бөлімі республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференцияға жалғасты. Баспасөз конференциясынан соң қонақтарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен театрдың 70 жылдығына арнайы жасақталған музей-көрмелерді, "Кейіпкерлер" галереясы (перформанс) таныстырылды.

Мерейтойлық іс-шара "Тәуелсіздік - тұғырым, театр - менің ғұмырым" атты театрландырылған концерттік салтанатты кешпен жалғасты. Алғашқы құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызының атынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы жеткізді.

Сонымен қатар, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театр ұжымын М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының, Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының және тағы да басқа театрлардың басшылары құттықтады.

Театрландырылған-концерттік бағдарламада театрдың құрылуынан бастап бүгіне дейінгі сәттерді қамтыған тарихи фильмнен үзінді көрсетілді. Салтанатты кештің бағдарламасында театрдың барлық жанрлары қамтылған қойылымдар ұсынылды. Барлық қойылымдарды театрдың бүгінгі артистері мен бұрын осы театрда қызмет етіп, бүгінде еліміздің мақтаныштарына айналған актер-актрисалар орындады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шара мәртебелі көрерменнің қошеметімен аяқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети