Grammy 2022 рәсімі өтетін күн белгілі болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Grammy 2022 рәсімі өтетін күн белгілі болды Фото ©REUTERS

Grammy 2022 музыкалық сыйлығын тапсыру рәсімі 3 сәуірде Лас-Вегастағы MGM Grand Garden Arena-да өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі іс-шараның сайтына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Grammy 2022 музыкалық сыйлығын тапсыру рәсімі 3 сәуірде Лас-Вегастағы MGM Grand Garden Arena-да өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі іс-шараның сайтына сілтеме жасай отырып.

Оңтүстікафрикалық әзілкеш әрі актер Тревор Ноа іс-шараға жүргізуші ретінде қатысатыны айтылды. Grammy апталығының басқа ресми іс-шараларының, оның ішінде премьераның, "Жыл адамы" сыйлығының күндері мен орындары туралы қосымша мәліметтер жақын арада жарияланатыны белгілі болды.

"Grammy-ді Лас-Вегасқа алғаш рет әкеліп, әлемдік деңгейде шоу өткізетінімізге қуаныштымыз. Шоудың уақыты шегерілетіні жарияланған сәттен бастап, бізге қолдау көрсеткен хабарламалар келді", - деді Харви Мейсон, кіші Дыбыс жазу академиясының бас директоры.

Жыл сайынғы Grammy марапаттау рәсімі CBS Тelevision Network арнасында онлайн режимде көрсетіледі және шоуды Paramount+-тен тікелей эфирден тамашалауға болады.

Grammy 2022 сыйлығының номинациялары 23 қарашада жарияланды. Джон Батист көп номинация алды. Жалпы саны - 11. Одан кейін Doja Cat, H.E.R. және Джастин Бибер сегіз номинация алды.

Еске салайық, былтыр Grammy сыйлығы COVID-19 таралуына байланысты шегерілген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети