Италияның танымал режиссері "Астана Операда" "Аиданы" сахналайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияның танымал режиссері "Астана Операда" "Аиданы" сахналайды ©Astanaopera.kz

Франко Дзеффирелли "Астана Операда" "Аида" қойылымын қояды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франко Дзеффирелли "Астана Операда" "Аида" қойылымын қояды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Италиялық танымал театр режиссері, BAFTA сыйлығының иегері, Давид ди Донателло сыйлығын бес мәрте, "Эмми" сыйлығын екі мәрте жеңіп алған Франко Дзеффирелла "Ла Скала" театрынан "Астана Опера" театрына "Аида" операсының нұсқасын алып келді. "Астана Опера" және "Ла Скала" театрларының бірлесіп қоятын "Аида" операсы 19 және 22 қараша аралығында өтеді. 91 жастағы Франко Дзеффиреллидің өзі мұны Милан театры тарихындағы үздік жұмыс деп санайды және Қазақстандағы жаңа театрда операның табысты болатынына сенеді", - делінген театрдың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Франко Дзеффирелли Флоренцияда дүниеге келген, еңбек жолын актерліктен бастаған. Кейін режиссерлік істі зерттей бастайды. Режиссердің қойған ленталарының ішінде Элизабет Тейлор және Ричардом Бертонның қатысуымен болған "Асауға тұсау" (1967), "Ромео мен Джульетта", "Күн аға, Ай қарындас", "Назареттен келген Иса", "Богема", "Сайқымазақтар", "Ел абыройы" және тағы да басқалар бар. Шебер жұмысының ерекшелігі - қойылымдағы іс-әрекеттердің қарқындылығы.

Билет құны 500-12000 теңге аралығында болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети