Қазақстандық дәстүрлі әнші және актриса Жанар Айжанова этика туралы кітап жазып жатыр. Ол бұл туралы ҚЫЗЫҚ LIVE бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық дәстүрлі әнші және актриса Жанар Айжанова этика туралы кітап жазып жатыр. Ол бұл туралы ҚЫЗЫҚ LIVE бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жанар Айжанова ене тәрбиесі, жеңгеге деген құрмет және туыстық қатыныс туралы кітап жазып жатыр.
"Өмірден көргенімді, түйгенімді, ауылда өткізген балалық шағымды, әжелеріміздің берген тәрбиесін, жеңгеге деген құрмет туралы кітап жазып жатырмын. Бізде жеңге туралы көп айтылмайды. Өзімнің екі жеңгеме деген құрметім ерекше, анамның орнын басып жүр. Ауылға анда-санда барғанымда жеңгем анамның орамалын тағып алып, анама ұқсап қарсы алады. Екінші анамыз деп құрметтейміз. Бұл таза бұрынғы мектеп екенін бірі түсінсе, бірі түсіне бермейді", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!