08 қаңтар 2015 09:33

"Жұлдызды айтыстың" қатысушылары айтылған сынға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kazaitys.kz ©kazaitys.kz

Таяуда жұлдыздар мен айтыскер ақындардың айтысы өткеннен кейін әлеуметтік желіде оны сынағандардың қатары көбейді. Айтылған сынға айтыскер Айнұр Тұрсынбаева мен сықақшы Қанат Әлжаппаров жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Таяуда жұлдыздар мен айтыскер ақындардың айтысы өткеннен кейін әлеуметтік желіде оны сынағандардың қатары көбейді. Айтылған сынға айтыскер Айнұр Тұрсынбаева мен сықақшы Қанат Әлжаппаров жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде шоу-айтысқа қатысты айтылған пікірлерді қарап шықтым. Осы айтыстың арқасында үйде жатып-ақ қырғын сауап жинап тастаппыз ғой. Біреуді ғайбаттау үшін алдымен өзіңе, бала-шағаңа қарасаңшы, көкем-ау. Ақыретте ақындар үшін емес, солар үшін сұраласың ғой. 200 долларға таң атқанша құдалық күтіп, бастықтардың тойында жағы талғанша сайрап жүрген бір көкем ақындар ақшадан өлген деп көпіріп отыр", - деді ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, Тұрсынбаева желіде жазған тағы бір жазбасында айтыс туралы сын айтқан адам туралы "Аузы арақтан құрғамай, әр жердегі концерттерде ұятқа қалып жүрген бір көкеміз ақындар азғындап кетті деп жазыпты бір жерге", - дейді. Бірақ ақынның бұл сөздерді нақты кімге айтып тұрғаны белгісіз.

Ал сықақшы Қанат Әлжаппаров "Айқын" газетіне берген сұхбатында түрлі пікірлердің айтылып жатқанын естігенін және осындай пікір айтқандардың көпшілігі шоу-айтысты сүйсініп тамашалап, рақаттанып көргенін айтады. "Айтыстың күні бітті" деп, бір шоу айтыс­пен үзілді-кесілді шешім шығаруға болмас. Есесіне, бұл айтыс көрерменнің қатарын көбейтті. Айтысқа көпшіліктің ықыласын арт­тырды. Тіпті бұрын-соңды айтыс көрмеген жандардың өзі осы шоу-айтысты қызу талқылап, ауыздарынан тастамай отыр. Ауылдағы жолдастарымның өзі осы айтыстан кейін, ғаламтордан айтыс көрейік деп, айтыстың бұрынғы мұрағаттарын ақтарып кетіпті. Тағы да қайталап айтамын, бұл айтыс емес. Шоу ғана болды. Бұған дейін әнші­леріміздің сахнаға шығып, бокстасып та кеткен кездері болды. Соны неге айтпадық? Телеэкранға шығып, құрт-құмырсқаға таланып жатты. Оны неге сөз қылмадық? Оған қарағанда, әзілмен әдемі айтыс жасағанда тұрған не бар?!" - деді Әлжаппаров.

Сықақшының айтуынша, оны шоу-айтысқа шақырғанда ол бірден бас тартқысы келген. Десе де, ол "Хабар" арнасы түсіргеннен кейін, оны жалпы көрерменге ұсынатын болған соң келісімін бергенін айтты. Осылайша, Әлжаппаров шоу-айтыстың эфирден өткелі бері бұрын-соңды болмаған рейтингке ие болғанын жеткізді. "Шоу-айтыс қызық болмаса, көрер­менді қызықтыра алмаса, оның рейтингісі көтерілмес еді деп ойлаймын", - деді ол.

Айта кетейік, жұлдыздар мен айтыскерлердің бірігіп өткізген "Жұлдызды айтыс" шоуы 3 қаңтарда отандық телеарналардың бірінен көрсетілді. Айтыста Жанар Айжанова - Балғынбек Имашев және Роза Әлқожа - Серікзат Дүйсенғазин жұптары жеңіске жеткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети