27 мамыр 2014 13:34

Қаллеки театры басқа ғимаратқа көшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©inform.kz ©inform.kz

Ағымдағы жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы бұрынғы Күләш Бәйсейітова атындағы театр ғимаратына көшеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасап.

Министрдің сөзіне қарағанда, жақын арада Парламентте театр мәселесі кеңінен қаралатын болады. "Ал Қалибек Қуанышбаев атындағы театрға келер болсақ, өздеріңіз жақсы білесіздер, қазіргі кезде Күләш Бәйсейітова атындағы театр негізінде Астана-Опера театры ашылды. Сондықтан ол театрдың ғимараты осы жылы Қуанышбаев атындағы театрға міндетті түрде беріледі", - деді бүгін А.Мұхамедиұлы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көптен бері шағын ғимаратта өнер көрсетіп келеді. Бұрынғы Күләш Бәйсейітова атындағы театр ғимараты одан әлдеқайда үлкен. Алайда ол да қаланың ескі нысандарына жатады. Өткен ғасырда сол жерде Теміржолшылар сарайы болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети