Әйгілі суретші Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығы ол дүниеге келген Алматы облысы Панфилов ауданының Шежін ауылында және оның балалық шағы өткен Жаркент қаласында тойланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қастеев - Қазақстан бейнелеу өнері тарихында өшпес із қалдырған жарқын тұлға, оның шығармашылығы - ел мәдениеті тарихының елеулі бөлігі.

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы биыл суретшінің 110 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алған еді. Бағдарламаға кескіндемешінің музей қорында сақтаулы тұрған шығармаларының рестроспектива-көрмесі, "Тарихи естелік және мәдени мұра мәселелері" атты ғылыми конференция еніп отыр. Ғылыми басқосуға республиканың түкпір-түкпірінен бейнелеу өнерінің шеберлері келді. Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Байтұрсын Өмірбеков бастаған танымал өнер қайраткерлері ұлы шебер мен оның кейінгі ұрпаққа қалдырған көпқырлы рухани мұрасы жайлы әңгімеледі.
Айта кетейік, Қастеевтің 110 жылдық мерейтойына орай ол 1958-1973 жылдары тұрған үйде мұражай ашылған еді. Онда суретшінің қылқаламынан туған туындылар, фотосуреттер, құжаттар мен талан иесінің жеке заттары жинастырылған көрме қойылған. Сонымен бірге, мұнда келушілер ұлы суретшінің түпнұсқа жәдігерлердің көмегімен қалпына келтірілген студия-шеберханасын тамашалай алады.